Алматыда шетелдік туристер саны 63,5% азайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық туризм басқарма басшысының орынбасары Марат Айнабеков онлайн брифинг барысында мегаполиске келетін шетелдік туристердің саны азайғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз туристерге қазір талдау жүргізіп жатырмыз. Қолда бар деректерге сүйенсек, шетелдік туристер саны 63,5%-ға, ал ішкі туризм шамамен 27%-ға төмендеді. Яғни, бізде биыл барлық позияция бойынша төмендеу бар», - деді қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков.

Оның айтуынша, таулы аймақтарда өсім байқалады.

«Іле Алатау ұлттық паркіне келушілер саны артқан. Бұл негізінен экотуризм. Адамдар бұл нысандарға көбіне жаяу барады. Сондықтан біз тау туризміне арнайы санамаймызжәне нақты санын айта алмаймыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар