Алматыда «Сайран» көлінің түбі тазартылуда

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Сайран көлін тазарту жұрыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, Сайран көлінің түбін механикалық тазарту жұмыстары қолға алынған.

«Шілде айында Сайран көлінің түбін механикалық тазарту жобасының сараптамасының қорытындысын алуды жоспарлап отырмыз. Ол бойынша жұмыстар қазан айында басталып, жыл соңына дейін аяқталады», - деді Ерболат Досаев.

Ол сондай-ақ қазан айында тұрғындарға қолжетімді демалыс аймағын ұйымдастыру үшін қалаға іргелес аумақты абаттандыру жобасы әзірленіп, жұмыстар жоспар бойынша 2023 жылы басталатынын атап өтті.



Соңғы жаңалықтар