Алматыда сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмысына шектеу қойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда карантинге байланысты азық-түлік емес сауда базарларының, ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының, ірі сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, сондай-ақ сауда орталықтарының аумақтары мен жеке орналасқан кинотеатрлар, балаларға арналған орталықтар, адам көп шоғырланатын өзге де ойын-сауық нысандары жабылды.

Ал олардың аумағындағы азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын дүкендер жұмысын жалғастырып жатыр.

Қала әкімдігі кәсіпкерлік нысандардың заңсыз қызметі туралы фактілер анықталған жағдайда төмендегі нөмірлерге хабарласуды сұрайды:

+7 775 882 55 39

+7 775 882 55 46

+7 775 882 56 02

+7 775 882 56 49

+7 775 882 56 72

+7 775 882 57 08

+7 775 882 54 16

+7 775 882 53 12

+7 775 882 52 00

+7 775 882 53 92

Айта кету керек, карантин жарияланған күннен бастап Алматыда 14 тұлға жауапкершілікке тартылған.

Оның ішінде «Восход» сауда үйінің басшысы 5 тәулік қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар