Алматыда сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ірі сауда орталықтарының бірінен адамдар эвакуацияланды. Қаланың төтенше және жедел қызметтері жарылғыш зат туралы хабарға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Forum» сауда-ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар Алматы қалалық полиция департаментіне түскен.

«Қазіргі уақытта қаланың төтенше жағдайлар қызметі эвакуациялау және тексеру шараларын ұйымдастырды. Саперлер жұмылдырылады. Сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері қауіпсіз жерге эвакуацияланды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, наурыз айының аяғында Алматыда бірнеше нысанға бомба қойылғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан бірқатар ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар таратқан адам ұсталды.


Соңғы жаңалықтар