+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Алматыда саңырау әрі мылқау етікші шеберханада есірткі сақтаған

2020 жылғы 31 қазан 00:20
Бөлісіңіз:
Алматыда саңырау әрі мылқау етікші шеберханада есірткі сақтаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құлағы нашар еститін әрі мылқау ер адам етік жөндеу шеберханасында есірткі сақтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы жергілікті тұрғындар «Орбита» шағынауданының учаскелік инспекторларына шағымданған. Бостандық ауданының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары полиция көмекшілерімен бірге етікшіні ірі көлемдегі есірткімен ұстады.

Есірткі заты – гашиш оның жұмыс орнынан, аяқ киімнен табылды. Ұсталған адам саңырау әрі мылқау. Сондықтан ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне есірткіні қайдан алғанын және оны қандай мақсатта өзімен бірге сақтағанын түсіндіре алмады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі көлемде сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша басталды», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Еділхан Байғараев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT