Алматыда самокат мінген қызды көлік қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда самокат теуіп келе жатқан тоғыз жастағы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апат 26 наурызда Бұқар жырау көшесінің бойында болған. Кішкентай қыз қатты соққыдан асфальтқа құлаған.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2009 жылы туған қыз бала шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілді, жағдайы ауыр.

«Науқасты толық тексеруден өткізген дәрігерлер оған ашық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, ісіну, І дәрежелі травматикалық шок диагнозын қойды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы өте ауыр. Оны жасанды тыныс алу аппаратына қосты»,– деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.


Соңғы жаңалықтар