Алматыда салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Жетісу ауданында салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.


Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 маусым күні таңғы сағат 10:22–де өрт сөндіру көліктері Жетісу ауданындағы «Драгон Сити» тұрғын үй кешеніне жіберілді.

«Солтүстік айналма жол №29 мекенжайындағы «Драгон Сити» тұрғын үй кешенінде салып жатқан 9 қабатты үйдiң 1 қабатында өрт шықты. Қызыл жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Белгілі болғанындай пластикалық құбырлар жанған. Өрт сөндiрушiлер келгенге дейін өрт сөндipiлген»,- деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар