Алматыда Рысқұлов даңғылы жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Рысқұлов даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рысқұлов даңғылы бойындағы (Рысқұлов даңғылының бойы - Айша Бибі көшесінен Құлжа тас жолына дейін) жол төсемін ауыстыруға байланысты 17 мамыр күні кешкі сағат 20:00-ден 18 мамырдың сағат 06: 00-ге дейінгі аралығында жолдың ішінара бөлігі жабық болады»,-деп хабарлады Алматы қалалық Мобильділік басқармасы.

Бұған дейін, Шөкин көшесінің бір бөлігі төрт айға жабылатыны туралы жазған болатынбыз.

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 24 мамырдан 20 қыркүйекке дейін Шапық Шөкин көшесінің бойында Қарасай батыр көшесінен Райымбек даңғылына дейін автокөлік қозғалысы тоқтатылады.


Соңғы жаңалықтар