Алматыда Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев қатысқан тойдың видеосы тексеріліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн брифинг барысында қазақстандық жұлдыздар қатысқан тойдың видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео кадрларынан мереке жас жұптың үйлену тойына арналғанын көруге болады. Іс-шараға қатысушылар арасында Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Айдана Меденова болған. Тойда Сәкен Майғазиев «Сәуірден бастап тәуір күндеріміз бастала берсінші» деген тілек айтады.

«Бұл видеоны тексердік. Карантин талабын бұзу дерегі анықталды. Бейнежазба зерттелуде, содан кейін материалға заң тұрғысында баға беріледі. Бұл адамдарды бәріміз білеміз, танимыз. Олардың көпшілігі Алматыда тұрады. Егер бұзушылық расталса, шараға қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін, әнші Қайрат Нұртасқа карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл салынған болатын.


Соңғы жаңалықтар