Алматыда ревизиялық тексеру комиссиясы 120 млрд теңгенің заңбұзушылығын анықтады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ревизиялық тексеру комиссиясы 52 нысанда 18 аудиторлық тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 120,9 млрд теңгенің заңбұзушылығы анықталғанын мәлім етті.

«45,5 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық, 28,8 млрд теңгеге тиімсіз жоспарлау, 46,5 млрд теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану әрекеттері анықталды», - деді ол.

Айтуынша, 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 120,9 млрд теңгенің 4,9 млрд теңгесі қалпына келтірілді, оның ішінде аудит барысында 842,9 млн теңге өтелді.

Аудит объектілеріне нұсқамаларды орындау мерзімі қала әкімдігінің ғимаратындағы өртке, сондай-ақ сот талқылауларына байланысты ұзартылды.

«Әкімшілік жауапкершілікке 30 адам тартылып, 7,9 млн теңгеге айыппқл салынды. Тәртіптік жауапкершілікке 34 адам тартылды (ескерту – 17, сөгіс – 15, қатаң сөгіс – 2). Құқық қорғау органдарына 5 материал берілді»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар