Алматыда Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхананың және университет порталының тұсаукесер рәсімі өтеді

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат - Ертең Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің базасында Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхананың және университет порталының тұсаукесер рәсімі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхана профессорлық-оқытушылық құрамды, студенттерді, докторанттар мен қазіргі заманғы ақпараттық-білім беру ресурстарының білім беру қызметіне атсалысатын басқа да қатысушылардың қажеттілігін толығымен қанағаттандыру үшін бірыңғай ақпараттық жүйеге республиканың ЖОО-ларының электрондық білім беру ресурстарын біріктіру мақсатында құрылады.

Тұсаукесер рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Түркияның Ұлттық ғылыми-білім беру желілерінің, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының,  «ҚазРЕНА» Қазақстанның компьютерлік ғылыми-білім желісін пайдаланушылар қауымдастығының өкілдері және  жоғары оқу орындарының ректорлары қатысады.

Соңғы жаңалықтар