Алматыда Рамазан айында тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Пандемияға байланысты мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында мешіттерде жамағатпен намаз оқылмайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай мұсылман қауымын келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

«Біздің халқымыз ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны»,- деп атаған. Берекесі мол айда жарамазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған», - деді Еркінбек Шоқай.

Имам қала мешіттерінде жамағатпен тарауық намазы оқылмайтынын тілге тиек етті.

«Алғашқы тарауық намазы бүгін оқылады. Биыл да қаламыздағы эпидахуалдың күшеюіне байланысты мешіттерде жамағатпен тарауық намазы оқылмайды», - деді қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай.

Спикер, әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес берді. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз.

Айта кетейік, 2021 жылдың қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.

8 мамырдан 9 мамырға қараған түн - қасиетті Қадір түні. 13 мамыр - Ораза айттың бірінші күні.


Соңғы жаңалықтар