Алматыда ПТР талдаулары тәулігіне 22 мыңға жеткізілмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда ПТР талдауларын тәулігіне 22 мыңға жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Алматыда 17 зертханада коронавирусқа ПТР талдауы жүргізіледі. Тәулігіне барлығы 12 мың ПТР талдауы жасалады. Жақында ПТР талдауының қуатын тәулігіне 22 мыңға жеткізетін боламыз», - деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитарлық дәрігері вирустың екінші толқыны қаупіне байланысты қауіпсіздік шараларын ұстану керектігін айтты.

«Жедел респираторлы вирустық инфекциясы кезінде өз бетінше ем қабылдауға болмайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар