+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматыда прокуратура даулы құрылыс учаскелерін тексеруде

2021 жылғы 20 сәуір 15:29
Бөлісіңіз:
Алматыда прокуратура даулы құрылыс учаскелерін тексеруде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құрылыс учаскелерін прокуратура тексеруді бастады. Бұл қала тұрғындары наразы болған бірнеше құрылыс нысанына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда биыл 600 шақырымға жуық жол жөнделеді Нығматулин: бюджетті игеру тиімділігі - Мәжіліс депутаттарының тұрақты бақылауында Алматыда ескі үйлердің орнына жаңа тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Алматы прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Бүгін, 20 сәуірде прокурорлар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырған бірнеше құрылыс нысандарын аралады.

Медеу ауданының прокуроры Асхат Жақыпов әкімдік өкілдерімен бірге Әлімжанов көшесі 54 тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесті.

«Аталған нысан тарихи-мәдени мұра ескерткіші ретінде қорғалатын «Қызыл-Таң» тігіншілер үйі аумағында орналасқандығы анықталды. Прокурор сол жерде нұсқаулар берді және олардың заңдылығын зерттеу үшін құрылыстың барлық рұқсат құжаттарын сұрады «, - деп атап өтті прокуратурадағылар.

Азаматтық белсенділердің қатысуымен тұрғын-үй жайлары арасында орын тепкен 36 құрылыс нысаны анықталды. Қазіргі уақытта қала әкімдігі жағдайды реттеу бойынша мәселелерді шешу жұмыстары жүріп жатыр.

Бүгінгі күні 8 жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу мәселелері қарастырылуда.


10 нысан бойынша абаттандыру ерекшеліктері мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, құрылысты аяқтау ұсынылған. Бес нысан бойынша бұзылған ғимараттарды қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

«Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері қала құрылысының жаңа ережелерін әзірледі. Онда жеке шектеулер қарастырылған. Оның ішінде, қаланың орталық бөлігі мен аула аумақтарында тығыз салынатын ғимараттардың рұқсат етілген биіктігі, тарихи құрылыстың қасбеттерін өзгерту, қаланың тарихи тұлғасын қалыптастыратын нысандарды бұзу және тағы басқа», - деп хабарлады прокуратура қызметкері.

Айта кетейік, биыл 17 наурызда ҚР Президенті Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте прокуратураға әкімдікпен бірге тығыз дамыған аудандардағы құрылыстың проблемалық фактілері бойынша жағдайды талдап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT