Алматыда полициясы қатарында 1 мыңнан астам әйел бар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматыда полиция қатарында қызмет ететін 1 мыңнан астам әйелді төл мерекесі қарсаңында ҚР Ішкі істер министрі мен Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы құттықтап, үздіктердің шенін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы мерекеде және әрдайым ардагер апаларымызға алғыс айтамыз. Олардың ұзақ жылғы қызметі, тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі полиция саласындағы жас мамандарға үлгі. Сіздер тек жақсылыққа ғана лайықсыздар. Біз сіздерді мақтан тұтамыз»,-деді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, Алматы қаласының ПД басшылығы қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған әріптестердің отбасын, туыс-туғанын Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.


Соңғы жаңалықтар