Алматыда полиция таспен бірнеше автобустың терезесін сындырған бұзақыларды тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бұзақылар жолаушылар автобусына тас лақтырып, әйнектерін сындырды. Полиция күдіктінің кім екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Терезесі шағылған автобустың видеосы мен суреті әлеуметік желіде пайда болды.

«Кеше «Саялы- 2» шағын ауданында белгісіз біреулер бір автобустың әйнегін сындырған болатын. Бүгін бұзақылар тағы екі автобустың терезесін таспен атып сындырды. Жақында №25-маршрутта автобус қалмайды. Екі аптада төрт автобус. Бұл шынымен жабайылық «, - деп ашуланды Facebook қолданушыларының бірі.

Автопарк директоры Бекежан Сырланов тұрғындарға азаматтық белсенділік танытқаны үшін алғысын білдірді.

«Бүгін біз жергілікті тұрғындармен жиын өткізіп, таспен атқылаған автобустарды көрсеттік. Оған учаскелік инспекторлар мен аудан әкімдігінің өкілдері қатысты. Басылымдардың арқасында Полиция департаментінің басшысы бұл істі өз бақылауына алды. Тұрғындарға азаматтық белсенділік танытқаны үшін алғысымды айтамын»,- деді ол.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта Алатау ауданында осындай үш факті тіркелгенін хабарлады.

Бұзақылар анықталды. Қазір олардың осы әрекетіне құқықтық баға беріледі.


Соңғы жаңалықтар