Алматыда полиция киімімен билеген TikTok-блогер жауапқа тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматылық азамат полиция қызметкерінің нысанды киімін заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, видео сюжеті бойынша полицейдің киімін киген жас жігіт өтіп бара жатқан адамдарды TikTok-та өзімен билеуге шақырған.

«Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерге мониторинг барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киімін заңсыз пайдалану фактісін анықтады. Бұл факті бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасы құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен нысанды киімді заңсыз киіп жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,– деп хабарлады полициядан.


Соңғы жаңалықтар