Алматыда полицейлердің көлік қуған сәті видеоға түсіп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полицейлердің көлік қуған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алматы даңғылдарының бірінде көліктің артынан қуған полицейлердің видеосы жарияланды.


Бейнежазбадан көлік жүргізушісі артпен қозғалып бара жатқанын көруге болады.

«Рысқұловтағы экшен: жүргізуші полицейлерден қашқан, бірақ дөңгелегі ұшып кетіп, оны үш патруль экипажы ұстап алды», - делінген жарияланымда.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 14 маусымға қараған түні Алматының Алатау ауданында болған.

«Toyota Camry» маркалы автокөлігінің жүргізушісі патруль экипажының тоқтау туралы талабына бағынбады. Жасырынуға тырысты, бірақ оны бұғаттады. Көлік тізгінінде 1966 жылғы А. есімді ер адам болды. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы, 606-баптың 1-бөлігі және 595-баптың 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар