Алматыда пәтер тонаушы қылмыс үстінде ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда пәтер ұрысы кезекті үйді тонау кезінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын сотты болған 1973 жылы туған У. есімді азаматты тәртіп сақшылары Гагарин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында ұстады.

«Ұстауға бірнеше минут қалғанда сотталушы алматылық қыздың пәтерін тонаған. Ол сол жерден алтын бұйымдарды ұрлап, үй иесіне 200 мың теңгеден астам материалдық залал келтірді. Күдіктіден табылған заттар процессуалдық тәртіппен тәркіленді. Сонымен қатар тексеру кезінде табылған пневматикалық тапанша да қылмыстық іс материалына тіркелді. У. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Спикердің сөзінше, қазірдің өзінде полицейлерде ұсталған адамның осындай үш ұрлыққа қатысы бар екендігіне сенімді деректер бар.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін жеңіл ақшаға әуесқойдың құрбандарының тізімі толықтырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар