Алматыда парктер мен скверлер демалыста ашық болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда демалыс күндері қандай нысандар ашық болатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада бізде парктер, скверлер жабық болатын. Осы аптада парк, сквер, Медеу, Шымбұлақ, Арбаттағы Панфилов көшесіндегі жаяу жүргін алаңдар ашық болады. Адамдар таза ауада серуендегені дұрыс», - деді онлайн брифинг барысында Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

Айта кету керек, әкімдік бүгін вирус таралу қаупі жоғары саналатын нысандарды демалыс күндері жабу туралы шешім қабылдады.

Оған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі осындай қаулы қабылдаған болатын.


Соңғы жаңалықтар