Алматыда пара алған полиция майоры 5 жылға сотталды
Бұл қылмыстық іс №2 Медеу аудандық сотында қаралған болатын.
«Сот үкімімен күдікті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен, 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 2-бөлігімен айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ ол ҚР ҚК-нің 49-бабы 1-бөлігімен «полиция майоры» шенінен айырылды.
Іс материалдарына сәйкес, 2011 жылы полиция қызметкері полицияның ауылдық бөлімін басқара отырып, Алматы облысында жер алып беруге көмектескені үшін 8 мың АҚШ долларын алған.
«2014 жылы ол басқарманың басшы орынбасары болып тұрғанда борышкерді іздеу желеуімен тағы бір адамнан «Merсedes Benz E-280» маркалы көлігін және 5 мың АҚШ долларын алған. Сонымен қатар, 2020 жылы полицияның уәкілетті тұлғасы бола тұра қылмыстық іс жасаған адамға бұлтартпау шарасын айқындау кезінде және жазаны жұмсартуға көмектескені үшін 7 мың АҚШ доллары мен 150 мың теңге пара беруге мәжбүрлеген», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.