Алматыда пара алған полицей мен прокурор ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкері мен прокурор адамды әкімшілік жазадан аман алып қалу үшін пара алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 тамызда Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен Алматы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ Әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы мен прокуратура бөлімінің прокурорын әшкереледі. Олардың бір адамды әкімшілік жазаға тартпау үшін 200000 теңге көлемінде ақша алғанын анықтады», - деді қалалық Прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қазір бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Басқа деректер тергеу құпиясына жататындықтан жарияланбайды.


Соңғы жаңалықтар