Алматыда өзіне қол салған оқушының ата-анасы мектеп басшылығына жүгінді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде мерт болған сегізінші сынып оқушысының ата-анасы мектеп басшылығына, куратор мен психологқа ешқандай шағымдары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім беру мекемесі өкілдерінің атап өткеніндей, сегізінші сынып оқушысының әкесі Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығына өтініш білдіріп, отбасында болған қайғылы жағдайға, туыстары мен жақындарының сезімдеріне, баланы еске алуға түсіністікпен қарауды сұрайды.

«Менің ұлымның есімін атай бермеуді және юбка киюді насихаттайтын кез - келген іс-шараларды, акцияларды және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды тоқтатуыңызды сұраймын», - деп жазды оқушының әкесі.

Отбасы сонымен қатар оқушыға қысым жасау және оның психологиялық проблемалары туралы барлық болжамдар мен айыптаулар шындыққа жанаспайтынын, оқушының ата-анасы мектеп басшылығына, куратор мен психологқа қатысты шағымдары жоқ екенін айтты. Қазіргі уақытта қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге салсақ, 27 қазанда сабақтан тыс уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің сегізінші сынып оқушысына қатысты қайғылы жағдай болды.

Бостандық аудандық полиция басқармасы істі ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.


Соңғы жаңалықтар