+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Алматыда өзге ұлт өкілдері тіл үйрену тәжірибесімен бөлісті

2020 жылғы 23 қазан 14:35
Бөлісіңіз:
Алматыда өзге ұлт өкілдері тіл үйрену тәжірибесімен бөлісті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты І республикалық конгресс барысында өзге ұлт өкілдері тіл үйрену тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі офлайн кездесуге мемлекеттік тілді еркін меңгерген 14 этнос өкілі қатысты. Олардың арасында орыс, әзербайжан, беларус, армян, неміс, украин, шешен, күрд, ұйғыр ұлтының жастары бар. Шара мемлекеттік тілде өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Наргизам Махмудованың айтуынша, мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс.

«Менің ойымша, қазіргі таңда Қазақстанда өмір сүретін әрбір азамат пен азаматшаның мемлекеттік тілді білуі – парыз деп есептеймін. Қай ұлт болмасын, мемлекеттік тілді білуі аса маңызды. Мемлекеттік тілді дамыту бесіктен десек, балабақшада мемлекеттік тілді дамытуға аса мән берілуі қажет. Соның нәтижесінде ол есейіп, мемлекеттік қызметке кіріскен сәтінде қазақ тілін меңгеруден қиындық көрмейтіні сөзсіз. Олардың мәртебесі де үстем болатыны анық»,– дейді Наргизам Махмудова.


Жиынға қатысушы Эльнара Ташанованың пікірінше, тіл меңгеруде арнайы әдістемелік топтама әзірлеу қажет.

«Қазіргі техника даму заманында әртүрлі тақырып аясында чат-боттар мен марафондар ұйымдастырылуда. Осы жүйеде тіл төңірегінде де онлайн топтар ұйымдастырып, адамдарды қызықтырса, қазақ тілін үйренуге де қызығушылық пен сұраныс өсер еді . Бірақ, тілді меңгерген деңгейі әртүрлі болғандықтан, кішкене қиыншылықтар туып жатады. Сондықтан, менің ойымша қазақ тілін оқытуда тілді меңгеру деңгейіне бөлу керек шығар. Сонда әр деңгейдегі адамдарға белгілі бір әдістемелік ұстанымдар дайындауға жеңілірек болар еді. Мәселен ағылшын тілін меңгергендігін А1, А2Б В1, В2,С1, С2 деңгейлері арқылы көрсетіледі, осы жүйеде жұмыс жасасақ болады.Қазақ тілін үйренуге және сол тілде оқытуға келетін болсақ, тіліміздің грамматикасын, лексикасын және орфографиясын дамытуға арналған бірынғай жол болмағандықтан, осы тіл оқу тұрғысынан күрделі қабылданады»,– дейді Эльнара Ташанова.

Конгрессте әрбір қатысушы өзін таныстырып, қазақ тілін үйренуге қатысты ойларын кезекпен ортаға салды.

Айта кетейік, Алматыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресс өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT