Алматыда өзеннен үйіне су тартқан тұрғындарға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындары Үлкен Алматы өзенінің суын үйіне заңсыз тартып алған адамдарға қатысты шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұл мәселені білеміз. Арнайы құрылған комиссияның тексеруі нәтижесінде 4 отбасы Үлкен Алматы өзеніне сорғыш орнатып үйіне су алып отырғаны анықталды. Экологиялық инспекция оларға айыппұл салды. Жергілікті өзін өзі басқару комитетінің төрағасы күнделікті тексеруге шығып жүр», - деді онлайн брифинг барысында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаев.

Бұған дейін әлеуметтік желіде өзен жағасында тұратын кейбір тұрғындардың су соратын арнайы электр құрылғыларын орнатып алғаны туралы жазба жарияланған болатын.

Олардың айтуынша, бұл бірінші кезекте балалар үшін қауіп тудырады.

Сонымен қатар, БАҚ беттерінде Үлкен Алматы өзенінде ток соғып өлген ит туралы да жазылған болатын.


Соңғы жаңалықтар