Алматыда өзеннен ер адамның мәйіті табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жергілікті тұрғындар өзеннен ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

В идео әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі растады.

«Бұл факті Түрксіб ауданының аумағында тіркелді. Ер адамның мәйіті табылды. Оның кім екені белгілі болды. Алдын ала сараптама кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», - деп хабарлады полициядан.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске салайық, Түрксіб ауданында теміржол маңынан 49 жастағы ер адамның өлі денесі табылған болатын.



Соңғы жаңалықтар