Алматыда орталық көшелердің бірі ішінара жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда демалыс күндері Жароков пен Тимирязев қиылысында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы су» компаниясы Жароков пен Тимирязев көшелері қиылысының оңтүстік бөлігі 17 қыркүйек кешкі сағат 22:00-ден 20 қыркүйек таңғы сағат 6:00-ге дейін ішінара жабылатынын мәлім етті.

«Аталған қиылыста қалалық сумен жабдықтау желісін қайта құру бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізіледі. Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықты түсініп, көше сегментін айналып өту схемасын алдын ала қарастыруын сұраймыз»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, 25 қыркүйекке дейін Төле би көшесінің кей учаскелерінде көлік жүруіне тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар