Алматыда орталық клиникалық ауруханадан өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментiнiң мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы жіберілген.

Алмалы ауданы Панфилов көшесi, 139 мекенжайында шақыртудың жоғары деңгейiмен жұмыс атқарылып жатыр. Үш қабатты ғимараттың шатыры өртенген.

Оқиға орнына жедел топ пен 109 құтқару қызметiнiң эвакуаторлары жiберiлдi.

Өрттi cөндipy үшiн 3 әскери учаске құрылып, ғимараттың iшiнде адамдардың бар-жоғына барлау жүргiзiлдi.

«Өрт оқпандары жiберiлiп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Ғимараттың оңтүстiк-шығыс жағындағы өрт оқшауланды. Сумен үздiксiз қамтамасыз етiліп отыр» деп хабарлады департаменттен.


Соңғы жаңалықтар