Алматыда өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 10 жасар қыз баланы құтқарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көппәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, кішкентай бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, түнде сағат 00:39-да Алматы қалалық ТЖД-ның кезекші «101» пультіне 3-шағын аудандағы № 39Б үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.


«Өрт сөндіру бригадасы келген кезде үшінші қабаттағы пәтердің терезелерінен қою түтін шығып жатты. Үшінші және төртінші қабаттың баспалдағын түтін басып кеткен. Құтқарушылар 40 адамды эвакуациялады, олардың 10-ы бала. Тұрғындар төртінші қабаттағы пәтерлердің бірінде адам бар екені айтты. Өрт сөндіру қызметкерлерінің шұғыл әрекетінің арқасында 10 жасар қыз бен оны әкесі құтқарылды»,- деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Пәтердегі өрт жарты сағатта толықтай сөндірілді. Жалын 10 шаршы метр жерді шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар