Алматыда «ОҢАЙ» билет берушілерінің көмегімен 10 ұрлық әшкереленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ОҢАЙ» билет берушілері қандай да бір күдіктіні байқаған жағдайда оның жолын кесу үшін WhatsApp мессенджеріндегі чатқа барлық ақпаратты лезде жіберіп отырады. Автобус бағытына жақын орналасқан полиция бөлімшесі жауап қайтарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
«Алматы көлік холдингі» ЖШС хабарлағандай, «Ұрлыққа жол жоқ» чаты 2016 жылы 25 қазанда құқық қорғау органдарының біреудің мүлкіне қол соғуымен күресу мақсатында «ОҢАЙ» электрондық билет жүйесі операторларының Басқару-ревизиялық басқармасы мен қаладағы Медеу аудандық прокуратурасы, қалалық ІІД криминалды полиция басқармасымен бірлесе отырып құрылған.

«Қоғамдық көліктердегі билет берушілердің көмегімен бүгінге дейін 10 қылмыс әшкереленді», - деп мәлімдеді Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

null

«ОҢАЙ» электрондық билет жүйесі операторының Ішкі бақылау басқару-ревизиялық басқармасының бастығы Азамат Бердібеков пен билет беруші Мұрат Қасымбеков құқық қорғау органдарына көмек көрсеткендері үшін алғыс хаттармен марапатталды.

null null null  

Соңғы жаңалықтар