Алматыда оқушылар дүйсенбіден бастап бейнесабақ арқылы оқиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда оқушылар дүйсенбіден бастап бейнесабақ арқылы оқиды. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, сабақтар Алматы телеарнасында көрсетіледі.

«Дүйсенбіден бастап «Алматы» телеарнасынан бейнесабақтарды көрсетуді бастаймыз. Жұмыс күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін 9-11 сынып оқушыларға негізгі пәндер бойынша сабақ беріледі. Бұл — қашықтан берілетін сабақтарға қосымша жақсы мүмкіндік. Барлығымыз, педагогтер де, ата-аналар да оқытудың жаңа жүйесіне тезірек бейімделгеніміз жөн. Карантин аяқталғаннан кейін де оқу үрдісінің жалпы деңгейін төмендетіп алмай жалғастыруымыз маңызды«, - деді әкім әлеуметтік желідегі парақшасынд а.


Соңғы жаңалықтар