Алматыда оқушы қыз үйінің ауласында асылып қалған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болған.

«2006 жылы туған мектеп оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 105 бабы бойынша тексеріліп жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ведомство өкілі оқиғаның себебі мен өзге де мән-жай анықталып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Петропавлдағы құрылыс-экономикалық колледжінің студенті өзіне қол салғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар