Алматыда наурыз жылы әрі жаңбырлы болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК наурыз айына ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда наурыздың басында күн жылы, бірақ жаңбырлы болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыстың соңғы айының аяғында Алматыдағы күн райына циклон әсер етеді және атмосфералық ағындар жүріп өтеді деп күтілуде. 25 ақпаннан бастап кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Түнгі уақытта температура минус 5-10 градус суықтан минус 2 - плюс 3 градусқа дейін өзгеріп отырады. Күндіз ауа температурасы 0-ден 3-8 градусқа дейін жылы болады.

Бұдан бөлек, көктемнің келуі де ұзақ күттірмейді. Наурыздың алғашқы күндері жауын-шашынсыз, ашық күн райы орнайды, бірақ әлі де ызғар сезіледі. Температура түнде 10-15 градус салқын, күндіз минус 2-ден плюс 3-ке дейінгі аралықты көрсетеді.

Біртіндеп көктемнің жаймашуақ күндері қыстың ызғарлы ауа райын алмастырады. Мереке күндеріне қарай түнгі температура 0-5 градус суық, ал күндіз 10 градус жылы болады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, наурыз жылы әрі жаңбырлы болуы тиіс. Орташа температура мен жауын-шашын мөлшері нормадан сәл жоғары болады деп күтілуде.

Автор: Гүлзат Сахова

Соңғы жаңалықтар