Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда TenQogam мүгедектерді жұмыспен қамту орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Қалтаеваның айтуынша, жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға біліктілігін арттыруға және жетілдіруге көмектесетін платформа ретінде ойластырылған.


«Мүгедектерді жұмыспен қамту бойынша «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының тәжірибесі мол. Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды жұмыс істегенін қалаймыз. Жасыратыны жоқ, мүгедектер жұмысқа орналасқанымен ол жерде ұзақ уақыт істей алмайды. Өйткені, еңбек шарты ең көп дегенде бір жарым-екі айға созылады «, - деді Ләззат Қалтаева.


TenQogam командасының негізгі міндеттері – мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыс табуға және орналасуға көмектесу, жұмысқа қажетті білім мен дағдыларды беру.

«Орталықта жетекші психологтар, жұмысқа орналасуға көмектесетін мамандар, мүгедектерге заң жағынан кеңес беретін заңгерлер жұмыс істейді»,– дейді ол.


Соңғы жаңалықтар