+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматыда мұғалімдер мен оқушыларға 10 мыңнан астам компьютер берілді

2020 жылғы 1 сәуір 18:18
Бөлісіңіз:
Алматыда мұғалімдер мен оқушыларға 10 мыңнан астам компьютер берілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қашықтан оқыту үшін мұғалімдер мен оқушыларға 10 мыңнан астам компьютер берілді. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл карантин күнделікті өміріміздегі барлық салаға, соның ішінде білім беру процесіне де өзгеріс енгізді. Төтенше жағдай режимінің бірінші күнінен-ақ мектептерді қашықтан оқытуға көшіруге даярлай бастадық. Ең алдымен мұғалімдерге арналған тренингтер өтіп, 99% немесе 273 мың оқушыны қамтыған сынақ сабақтары ұйымдастырылды. «Алматы» телеарнасынан көрсетуге болатын 100-ден аса бейнесабақ әзірленді»,- деп жазды әкім.

Сондай-ақ, ол қашықтан оқыту үшін мұғалімдер мен оқушыларға 10 мыңнан астам компьютер берілгенін айтты.

Техникалық жабдыққа келер болсақ, карантин кезінде мектептердегі 10 мыңнан астам компьютер мұғалімдер мен оқушыларға берілді. Қосымша үш мың ноутбукты сатып алу мәселесі шешілуде. Үйінде төрт және одан да көп оқушы баласы бар және барлығының бір компьютерден білім алуға шамасы жететін отбасылар бар. Оларды қосымша техникамен қамтамасыз ететін боламыз. Байланыс операторларымен бірлесіп, төрт мың оқушы мен 700 мұғалімге ғаламтор желісінің қолжетімді болуын қарастырудамыз»,– дейді Бақытжан Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев ата-аналардан қолдау көрсетулерін сұрады.

«Ата-аналардың балаларға қолдау көрсетіп, мұғалімдердің онлайн сабағын өткізуіне көмектесуін сұраймын. Үйде отырсақ та, өзімізді жан-жақты дамытып, әрі коронавирустың белең алмауына үлес қосып жатырмыз»,– деп жазды шаһар басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT