Алматыда молдаван этносының күні өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Менің Отаным - Қазақстан!» атты молдавандықтардың мәдениеті мен дәстүрлері күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ҚХА, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, «Стругураш» молдаван этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалдары қатысты.

Фестиваль әлеуметтік келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға, қазақстандық этностардың мәдениетін насихаттауға және азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған.


«Қазақстанда молдавандықтар аса көп емес. Дегенмен, олар Қазақстан этностарының жарқын палитрасында лайықты орын алып, қоғамдық және мәдени өмірге белсенді қатысады», - деп атап өтті ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев.

Іс-шара аясында «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында дөңгелек үстел, «Әдеби әлем: адамдар, оқиғалар, фактілер» атты кітаптар көрмесі және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Михаил Грозаның ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Мереке соңында шығармашылық топтардың концерттік бағдарламасы ұсынылып, онда қонақтар молдаван халқының мәдениеті және шығармашылығымен жақынырақ танысты.


Соңғы жаңалықтар