Алматыда мол жауған қардан көліктердің үстіне ағаштар құлады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Кіші Алматы және Үлкен Алматы бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының Төтенше жағдайлар қызметі қардың көп түсуі және тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде 16 ақпан күні қар көшкіні болуы мүмкін екенін хабарлады.

Қардың шамадан тыс көп түсуінен бірнеше ағаш құлаған. Орын алған 9 жағдайдың екеуінде ағаштар бұтағы көліктің үстіне құлаған. Зардап шеккендер жоқ.

«Қар көшкінін тудырмас үшін қар басып қалған тау бөктерлеріне шықпауға кеңес береміз. Тауда абай болыңыздар. Бүгін қардың мол жаууына байланысты тауға сапарлаудан бас тартқан жөн», - деді ТЖД-дан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда түнде жаңбыр жауып, арты қарға ұласты. Қаланың жоғарғы жағына 15 см қар жауса, таулы аумақтарға 25 см қар түсті.


Соңғы жаңалықтар