+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады

2021 жылғы 18 қаңтар 16:41
Бөлісіңіз:
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының модульді госпиталінде жоспарлы дезинфекциялық өңдеу аяқталды, мекеме науқастарды 20 қаңтардан бастап қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өңірлерде иммунопрофилактика бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет – министр Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық КВИ-ге қарсы вакцина қабылдайды Коронавирус: Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» ауысты

Б. Момышұлы көшесіндегі (1/55) И.Жекенова атындағы «Қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы» модульдік госпиталі қайта таяуда ашылады.

Желтоқсан айының басында басталған жалпы санитарлық-дезинфекциялық өңдеу аяқталды. Емдеу мекемесі 20 қаңтардан бастап КВИ емдеу үшін қайта қабылдауды бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, Модуль-1 2020 жылдың сәуір айынан бастап қараша айының соңына дейін – пандемияның ең өршіген кезінде жұмыс істеді. Онда барлығы 3 430 науқас емделді. Қазіргі уақытта ғимарат, палаталар мен жабдықтар толық өңделген, барлық параметрлерге сәйкес келеді, модульде жылу, барлық жабдықтар, соның ішінде қарқынды терапия және реанимация жұмыс жасауға әзірленген.

Инфекциялық аурухананың модульдік госпиталі 280 төсек-орынға арналған. Әртүрлі инфекциялық ауруы бар науқастарды сенімді оқшаулауды қамтамасыз етеді: қабылдау-кеңес беру бөлімшесі көшеден жеке кіретін есігі бар 6 бокстан тұрады. Бөлімшеде диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу мүмкіндігі бар: компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика, бейнеэндобронхоскопия, электрокардиография.

Ауруханада 28 төсек-орынға арналған ірі реанимациялық бөлім бар, ол сараптамалық кластағы заманауи медициналық жабдықтармен және сенімді желдету жүйесімен жабдықталған.

Алматыда медициналық ұйымдардың инфекциялық палаталарында барлығы 7 011 орын жабдықталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT