Алматыда мобильді экопатрульдер іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда мобильді экопатрульдер іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір уақытта Алматы полициясы Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп, экологиялық стандартқа сай келмейтін көліктерді анықтау мақсатында рейд жүргізіп жатыр. Көрсетілген заң бұзушылықтарды анықтау үшін арнайы техникамен жабдықталған патрульдік полицияның 11 экипажы күн сайын жолға шығады.

«Іс-шараның басынан бері екі жарым мыңнан астам көлік тексеруден өтті, оның 1193-і дизельмен, 1 357-сі жанармаймен жүреді. Тексерілген көліктердің 23%-ы экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді: 589 көлікте газ шығарынды мөлшері шамадан тыс көп болған. Сонымен қатар, бүгінде қалаға кіре берісте 19 экологиялық бекет орнатылып жатыр. Олар өлшеу құралдары, бейнебақылау камерасымен жабдықталған», - дейді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Биыл наурыз айынан бастап барлығы 139 746 көлік тексерілді, оның 21 751-інде улы газ шығару нормадан асып кеткені анықталды.

«ҚР ӘҚбК-нің 334-бабына сәйкес, шығарындыларындағы ластаушы заттардың мөлшері, сондай-ақ пайдалану кезінде олардан туындайтын шу деңгейі белгіленген нормативтерден (техникалық нормалардан) асатын автокөліктерд және қондырғыларды пайдаланғанда айыппұл салынады не ескерту жасалады, жеке тұлғаларға – 10, заңды тұлғаларға – 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынуы мүмкін», - дейді полиция өкілі.



Соңғы жаңалықтар