Алматыда «Мейірім керуені» байқауына өтінім қабылдау басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қайырымдылықты насихаттауға бағытталған «Мейірім керуені» жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифинг барысында Алматы қаласы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Балым Батаева қайырымдылық жасаушылардың басым бөлігі түрлі себеппен назардан тыс қалып отырғанын, алайда олардың істері басқаларға үлгі болуға тиіс екенін атап өтті.

«Біз мұқтаж адамдарға көмектесетін, игі істер жасайтын адамдардың іс-әрекеттерін насихаттағымыз келеді. Бұл адамдар өскелең ұрпақты мейірім мен жанашырлықтың жарқын мысалында тәрбиелеуге көмектеседі, олар дәстүрлерді сақтайды, жанқиярлықты көрсетеді», – деді ол.

Спикер алматылықтарды төртінші рет өткізіліп отырған байқауға қатысуға шақырды.

Оның айтуынша, жыл сайын республикалық байқау Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан өз елінің жүздеген батыл, қамқор адамын, меценаттары мен нағыз патриоттарын анықтайды.

Конкурсқа әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосатын және өздерінің игі істерімен басқаларды ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Ал кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен, яғни мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыспен байланысты адамдар қатыса алмайды.

Қатысуға өтінімдер 30 қарашаға дейін қабылданады.

Лауреаттар келесі номинациялар бойынша анықталады:

- «Асар» - қайырымдылық қызметі халықтық салт-дәстүрлерді сақтаумен байланысты адамдар үшін номинация;

- «Туған жер» - білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және тағы басқа салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көмек көрсеткеге табысталады;

- «Батыл жүрек» - ерлік пен қайсарлық;

- «Мейірім жолында» - белгілі бір уақыт ішінде тұрақты өтеусіз көмек көрсететіндер үшін;

- «Қайырымдылық тарихы» - номинация БАҚ қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналистке және/немесе шығармашылық ұжымға беріледі;

- «Бала жүрегі» - лауреатқа төтенше жағдайларда көрсеткен ерлігі мен батырлығы, қайырымдылық қызметіне қатысқаны үшін 6 жастан 18 жасқа дейін беріледі;

- «Жануарларға мейірім» номинациясы жануарлардың құқық қорғаушысы болып табылатын жанға табысталады.

Ол асырауға көмектескен, сондай-ақ жануарлар әлеміне қатысты мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайды.

Балым Батаева пандемия жылы қиын уақытта өз күштері мен көмек көрсету мүмкіндіктерін аямаған адамдарды ерекше атап өтті.

Айта кетейік, жобаны ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры мен Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырып отыр.


Соңғы жаңалықтар