Алматыда мешітке келушілердің жеке заттарын қолды еткен күдікті ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Күдікті бір ай бойы Наурызбай ауданындағы мешітте адамдардың жеке заттарын ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Анықталғандай, күдікті Д. 1992 жылы туған. Ол мешітке намаз кезінде келген. Ыңғайлы сәтте мешітке келушілердің сыртқы киімінің қалталарын ақтарып, ақшаларын ұрлап жүрген»,– дейді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Күдіктіге қатысты ҚРҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар