Алматыда мемлекеттік бағдарлама аясында мыңнан астам пәтер беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкім азаматтардың өміріне қатысты мәселелер бір ғана жолмен, яғни тек қолданыстағы заңнамалар мен тәртіп негізінде шешілетінін айтты.

«Мысалы, көп адамдар баспананы кезектен тыс алғысы келеді. Ал бұл тәртіп бойынша арнайы кезекке тұрып, ұзақ жылдар бойы үмітін арқалап, кезегін күтіп жүрген азаматтардың құқын бұзу деген сөз. Түрлі категориялар бойынша кезекте тұрған азаматтардың кезегі мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің қолданысқа берілуіне байланысты жылжиды. Биылғы жылы 1020 пәтер береміз. Алдағы уақытта қанша адам қашан кілттерін алатынын қосымша хабарлап отырамыз»,-деді әкім Instagram желісінде.

Соңғы жаңалықтар