Алматыда мемлекет қажеттілігі үшін 33 жер телімі сатып алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда осы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекет қажеттілігі үшін 4,5 млрд теңгеге 33 жер учаскесі алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының мәліметінше, жобаларды жүзеге асыру үшін жер сатып алу толығымен аяқталды.

Сатып алынған жер телімдерінің тізімі:

- «Дархан» ықшамауданында мектеп салу үшін 46 115 930 теңгеге 2 жер учаскесі сатып алынды;

- Желтоқсан көшесінен Тимирязев, Жандосов, Сүлейменов, Мұстафин көшелері бойымен Сайн көшесіне дейін жүрдек автобустарына арналған көше желісін қалпына келтіру үшін 75 239 676 теңгеге бір жер учаскесі сатып алынды;

- Жетісу ауданында «Кирпичный» трансформатор стансасын салу үшін 170 563 998 теңгеге бір жер учаскесі сатып алынды;

- «Орталық стадион» инфрақұрылымын қайта құру және жаңарту үшін 613 818 178 теңгеге бір жер учаскесі сатып алынды.

Сонымен қатар, жобаларды іске асыру үшін мынадай жер учаскелері сатып алынды (аяқталмаған нысандар):

- Құлжа тасжолының Бұқтырма көшесімен қиылысқан тұсында жолайрық салу үшін 169 452 140 теңгеге 5 жер учаскесі сатып алынды;

- Абай даңғылын Әшімов көшесіне дейін ұзарту мақсатында 1 573 319 645 теңгеге 18 жер учаскесі сатып алынды.

- Рысқұлов пен Емцов көшесінің бойындағы жол айрығы үшін 94 930 065 теңгеге 2 жер учаскесі сатып алынды;

- Наурызбай ауданында Райымбек даңғылына дейінгі аудандық маңызы бар магистральдық көшелер үшін 1 826 827 324 теңгеге үш жер учаскесі сатып алынды.

Биыл Түрксіб, Жетісу және Алатау аудандарындағы жалпы ауданы 9,8543 га болатын 11 жер учаскесін резервте қалдыру туралы қаулы қабылданды.

Өткен жылы 16 млрд теңгеге 351 жер учаскесі сатып алынған еді.


Соңғы жаңалықтар