+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда мектеп оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті

2021 жылғы 28 қазан 12:45
Бөлісіңіз:
Алматыда мектеп оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде «Алматыда мектеп оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті» деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматының хореография училищесінде ҚР Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті Алматыға қосылған аумақтарда инфрақұрылым дамып келеді Алматыда әлеуметтік көмек пункті салынып жатыр

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп әкімшілігі ақпаратты растады.

«2021 жылғы 28 қазанда оқушы оқудан тыс кезінде қаза тапты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайды», - деп хабарлады білім мекемесі. Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлім етті.

«Оқиғаның себептері мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полициядан.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT