+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Алматыда медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру бойынша науқанның аралық қорытындылары айтылды

2016 жылғы 21 қараша 16:28
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасында медицина қызметкерлері арасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудағы жүйенің негізгі ұстанымдарын түсіндіру бойынша науқанның аралық қорытындылары айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айта кетейік, 2015 жылы 16 қарашада «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы Ұлт жоспарының 80-ші қадамында көрсетілген. Бұл құжатта Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның жауапкершілігіне негізделген халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қарастырылған. Сонымен қатар, мемлекет халықтың белсенді емес тобы үшін экономикалық жарналар бөледі. Жұмыс берушілер - жалданбалы жұмыскерлердің тарапында. Салық органдарында тіркелген жұмыскерлер мен өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтар - өздері үшін жұмыс жасайды. Сондай-ақ, мемлекет азаматтарды кепілді тегін медициналық көмек көлемімен (КТМКК) қамтамасыз етеді: әлеуметтік маңызды аурулар үшін медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайларда, жедел-жәрдемде, санитарлық авиация және вакцинацияда. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, жалпылама денсаулық сақтау құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылға дейін КТМКК аясында сақтандырылмаған азаматтарға амбулаторлық дәрі-дәрмек берумен қатар амбулаторлық-емханалық көмек көрсетіледі. ҚР Әлеуметтік қорғау және даму министрлігі Медициналық қызметті төлеу комитетінің Алматы қалалық департаменті басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 2016 жылдың 13 қазанынан 10 қарашасына дейін сегіз ауданда 3612 тұрғын қатысқан 43 кездесу өткен. Соның ішінде 846 - жұмысшы, 134 - медициналық қызметкер, 957 - бюджет маманы, 67 - қоғамдық кеңесі мен кәсіподақ, 213 - кәсіпкер, 5 - өзін-өзі жұмыспен қамтушы, 1320 - зейнеткер, жұмыссыздар қатысқан. Оның айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтушы қазақстандықтар алғашқы жылы медициналық сақтандыруға төменгі жалақы мөлшері бойынша 457 теңге төлей алады. «Егер өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындар өз мәртебесін анықтай алмаса, өзін-өзі сақтандыра алмайды. Мемлекет орташа жалақы деңгейіне мүмкіндік беруде. Олар үшін 457 теңге төлеу қатты қиындық туғызбайды деп ойлаймын. 2020 жылы кірістердің жалпылама декларациясы қабылданып, салық жүйесі кімнің қанша табатынын анықтай алады. Сонда 2020 жылы өз мәртебелерін анықтап, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу міндеттеледі», - деді Т. Әбілдаев.

Айта кету керек, мемлекеттік жарналар мөлшерлемесі азаматтардың ерекше санаты үшін орташа айлық жалақы көлемінің 7% құрайды. Сондай-ақ, мөлшерлеме көлемі кезеңімен қосылып отырады: 2018 жылы 4%, 2019 жылы 5%, 2023 жылы 6%, 2024 жылы 7% құрайды. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Уәлихан Ахметовтің айтуынша, кәсіпорынның қызметін қадағалайтын бақылау кеңестері құрылған. Барлық даму жоспарлары, медициналық ұйымның есептері бақылау кеңесінен өтіп, сайттарда жарияланады.

«Қалалық бюджеттен дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, медбикелердің мамандықтары бойынша жетілдірулеріне 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұған қоса, біз аудандық әкімдіктерде, қоғамдық кеңестерде жұмыстар жүргізіп, Кәсіпкерлер палатасындағы кәсіпкерлермен кездестік. ҚазҰМУ, төлеу комитетімен бірлесіп, кәсіпкерлер мен салық төлеушілер арасында аталмыш жұмыстарды атқарудамыз. Біздің жұмысымыз Заңның жүзеге асу мерзімі бойынша түпкілікті шешім қабылданғанда және төлемдер мен медициналық қызметтер жүйесі іске қосылғанға дейін жалғасады», - деді Уәлихан Ахметов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT