Алматыда массаж салонында жезөкшелер қызмет көрсеткен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында зәулім үйде жұмыс істеген боди-массаж салоны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция тексерісті өткен түні өткізді. Жұмыс орнында өзін массажист ретінде көрсететін 13 жеңіл жүрісті қыз және қызметкерлер арасында жұмыс көлемін бөлетін әкімші болды.

– Мұнда жұмыс істеген екі әйел - Өзбекстаннан, қалғаны - Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан келген. Ұсталғандардың тек біреуі ғана жергілікті тұрғын. Тексеру барысында зәулім үйде интимдік бизнес үшін барлық жағдай жасалғаны анықталды, клиенттердің өтініші бойынша мұнда сауна да жұмыс істейді. Біздің қызметкерлер барған кезде үйде адам көп болды. Жезөкшелікпен айналысқан әйелдер де, олардың клиенттері де полицияға жеткізілді. Алдымен олардың заңсыз іс-әрекетке қатысы бар-жоғы арнайы есеп бойынша тексеріліп, кейін жауапкершілікке тартылды. Айтпақшы, зәулім үйдің иесі де анықталды. Оның іс-әрекеті жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсыну ретінде қаралды, – дейді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ полицейлер түнде өткізілген жедел іс-шара барысында тағы бес притон анықталғанына назар аударды.

Онда 14 әйел ақылы жыныстық қызметтер көрсеткен, оның үшеуі - Өзбекстаннан, біреуі - Қырғызстаннан келген.



Соңғы жаңалықтар