Алматыда маска тақпаған адамдарға айыппұл салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда маскалық режимді сақтамаған тұлғаларға айыппұл салынуы мүмкін. Алматыда өткен онлайн брифинг барысында бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада толығымен маскалық режим жарияланған. Әзірше халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Маскалық режимнің маңыздылығы жоғары. Себебі, бұл инфекцияның одан әрі өршуіне кедергі келтіреді. Әсіресе автобустар мен халық көп шоғырланған жерлерде талап етіледі», - деді Ерлан Қожағапанов.

Қала әкімінің бірінші орынбасары маска кимеген тұлғаларға қатысты қандай шара қабылданатынын айтты.

«Қазір әкімдік өкілдері мен полиция қызметкерлері тиісті инструкция алды. Эпимедиологиялық ахуал ушығатын болса, маска кимеген азаматтарға айыппұл салатын боламыз. Бұл жерде ҚР ӘқбК қолданатын боламыз», - деді Е.Қожағапанов.

Атап айтқанда, жабық бөлмеде және далада маскасыз жүрген адамдарға қатысты мынадай әкімшілік жаза қарастырылған.

ҚР ӘқбК 462-бабының 3-бөлімімен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары шығарған қаулыны орындамаған жеке тұлғалар - 5 АЕК, яғни 13890 тг, лауазымды тұлғалар - 15 АЕК, яғни 41670 тг айыппұл төлейді.

Ал шағын бизнес өкілі – 100 АЕК, орта бизнес өкілі – 200 АЕК, ірі бизнес өкілі 500 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Маскасыз адамдарды ғимаратқа кіргізген нысан иелері 15 АЕК, яғни 41 670 тг айыппұл төлейді.


Соңғы жаңалықтар