+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Алматыда маска сатып байымақ болғандар ұсталды

2020 жылғы 25 наурыз 14:14
Бөлісіңіз:
Алматыда маска сатып байымақ болғандар ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда маска сатумен айналысқан алыпсатарлар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет ұйымдарының қызметкерлері медициналық маска тігу акциясын бастады Қостанай облысында маскасыз автобусқа кіруге болмайды Оралда жазасын өтеушілер 36 мыңға жуық медициналық маска тікті

Мамандардың айтуынша, бұл - осы қаладағы алтыншы жағдай.

22 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы экономикалық тексеру департаменті жалпы құны 90 000 000 теңге болатын 664 400 маска сатқан жеке тұлғаны ұстады.

«Жеке тұлға масканы рұқсат қағазынсыз саудалаған. Сонымен қатар оның жеке кәсіпкерлікті тіркеу нөмірі жоқ болып шықты», - деді департаменттен.

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссияның №8 хаттамасына сәйкес, тәркіленген маска қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасына берілді.

Айта кету керек, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің таратқан ақпаратына сәйкес, 12 өңірлік экономикалық тексеру департаменттерінде осындай 17 дерек тіркелген.

3 миллионға жуық маска (2 932 019 штук) денсаулық сақтау басқармаларына берілді.

Мұның алдында алыпсатарлардан тәркіленген маскалар қаладағы медицина мамандарына таратылғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT