Алматыда мамандандырылған ХҚКО-да делдал болғандар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-да делдал қызметін ұсынғандар ұсталды. Олар көлік құжатын жасатуға келген азаматтардан ақша алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері көлік құжаттарын жасайтын орталықтан 14 делдалды ұстады. Олар тегін көрсетілетін қызмет түрлері үшін ақша алып отырған.

«Олардың көмегіне ешқашан жүгінуге болмайды. Азаматтарға қажетті мемлекеттік қызметтер көрсетіледі және бұл процесс көп уақытты қажет етпейді. Қазір бәрі қолжетімді және таза жүрізіледі. Шындығында сұраныс ұсыныс тудырады. Мемлекеттік қызметті алудың жалпы ережелерін айналып өтпек болғысы келетіндер және оған ақы төлеуге дайын адамдар бар», - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.


Соңғы жаңалықтар