+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Алматыда күн сайын КВИ жұқтырған 2,7 мың науқас жедел жәрдем шақырады

2021 жылғы 27 шілде 20:47
Бөлісіңіз:
Алматыда күн сайын КВИ жұқтырған 2,7 мың науқас жедел жәрдем шақырады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде халықты тағы да вакциналауға шақырды. Ол жүктеменің дәрігерлерге, әсіресе алғашқы медициналық көмекке едәуір артқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық денсаулық басқармасы басшысының айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқас саны өсіп кеткен. Егер бір ай бұрын бұл тәулігіне 40-70 науқас болса, бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында емделуді қажет еткен коронавируспен ауыратын науқастардың саны 400 адамға жеттіі.

«Көптеген науқастар үйде емделіп жатыр. Қазірдің өзінде 7 361 науқас бақылауда. Телемедицина орталығының штатын қосымша мамандарды тарта отырып, науқастарға қашықтан кеңес беретін 84 қызметкерге дейін көбейтуге тура келді», – деді Н. Табынбаев.

Оның айтуынша, ең басты міндет өлім жағдайының көбеюіне жол бермеу екенін айтты.

«Алматыда жедел жәрдем шақыруының тәуліктегі саны 2 700-ге жетті. Шілде айында ЖРВИ, КВИ және пневмониямен шақыру үлесі 2 есе артты. Тәуекел тобында әлі де созылмалы аурумен ауыратын адамдар бар», – деді спикер.

Н. Табынбаевтың айтуынша, жаңа «дельта» штамы жастар қауымына қауіпті. Алматыда 40 жасқа дейінгі 2 адам коронавирустан қайтыс болды.

«Коронавирустың жаңа штамын жұқтырған науқастардың жағдайы алты сағат ішінде нашарлауда», – деп толықтырды ҚДБ басшысы.

Еске салсақ, КВИ таралуына қарсы тұрудың жалғыз жолы вакцина алу.

Н. Табынбаев алматылықтарды өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын сақтау үшін белсенді вакцина алуға шақырады.

Алматыда екпе пункттерінің кең желісі ашылды. Күн сайын 15-20 мыңға дейін екпе алуға мүмкіндік бар. 26 шілдедегі жағдай бойынша вакцинаның 1-ші компонентінің 768 545 дозасы және 2-ші компонентінің 499 185 дозасы алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT